Атырау облысында Covid-19 індетінен сауығып шыққандардың саны 78 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, инфекциялық стационардан емделіп шыққандар – 51 және 26 жастағы екі әйел.
Тиісті ем шараларынан кейін олардан анализ сынамалары алынып, нәтижесінде коронавирус анықталмаған.
Осылайша, Атырау облысында қауіпті дерттен айыққандар саны 78 адамға жетті. Ал, 206 адам – індет жұқтырған.