73 просмотров
2020 06 26 image 26 06 20 15 56
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

45 / 100

Облыстың медициналық ұйымдарында қажетті дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар деп хабарлайды, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Емханаларда коронавирус инфекциясына қарсы препараттардың 5 атауы бойынша 19 4460 дана, стационарларда 26 атауы бойынша 89 7581 дана дәрі-дәрмектер бар.

Сонымен қатар, Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес облыста медициналық жеке қорғаныш құралдарының, медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектердің төмендемейтін қоры жасақталған.

Төмендемейтін қорда 462160 дана үш қабатты бір рет қолданылатын бет перде және 73000 дана бір реттік қорғаныш жиынтықтары, сондай-ақ 61718 дананы құрайтын 9 түрлі дәрілік заттар сақталған.

Қазіргі уақытта облыста жеке қорғаныш құралдарының орташа қамтамасыз етілу деңгейі 2-3 айды құрайды (бетперде – 1978511 дана, қолғап – 212847 дана, костюм – 204359 дана).

Бұдан басқа, Атырау облысында дәрілік заттардың тұрақты қорын құру және дәріханалар желісіндегі дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қалыптастыру үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және «Іңкәр» ЖШС арасында айналым қаражатын толықтыра отырып, кері қайтару талабымен                       500 млн. теңге сомасында шарт жасақталды.

Шартқа сәйкес «Іңкәр» ЖШС Атырау облысына дәрілік заттардың 42 атауын жеткізуге міндетті.

Бүгінгі күні облысқа серіктестікпен 715,6 млн. теңгеге дәрілік заттар жеткізіліп, оның 98,9 млн. теңгені құрайтын дәрілік заттары облыстың 175 дәріханасына таратылды.

Қазіргі уақытта қоймада 616,7 млн. теңгенің дәрісі сақтаулы.

72 Просмотры