523 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында 30 адам Covid-19 жұқтырса, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқастан қауіпті індет анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында 7 тұрғын, Индер және Исатай аудандарында бір жағдай, Мақат және Махамбет аудандарында екі адамнан коронавирус расталған.
Коронавирустық инфекциясы бар 27 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 79 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 566 адам үй жағдайында, 156 модульдік ауруханада, 120 №2 облыстық ауруханада, 49 фтизиопульмонологиялық орталықта, 133 аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 65 науқас емделуде.
Коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.