pWiBwIfF 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР51 просмотров

АТЫРАУДА ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ 75 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

502 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 51 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 6 науқастан анықталды.

Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 10 адам, Индер ауданында – 1, Исатай ауданында – 3, Құрманғазы ауданында – 4 науқас анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 40 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 59 адам емделіп шықты.

Қазіргі уақытта үй жағдайында 535 адам, модульдік ауруханада – 153, екінші облыстық ауруханада – 128, фтизиопульмонология орталықта – 44, аудандық инфекциялық стационарларда – 127 адам ем алуда. Сондай-ақ, Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-58 науқас ем қабылдауда.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта қалып отыр.