504 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 56 жағдайы расталды, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 2 науқастан анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 5 адам, Құрманғазы ауданында – 2, Махамбет ауданында – 1 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 29 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 585 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 133, №2 облыстық ауруханада – 125, фтизиопульмонология орталықта – 48, аудандық инфекциялық стационарларда – 135 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 63 адам емделуде.