34 просмотров
0 30
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда өткен тәулікте 529 рейдтік тексеріс жүргізілген

50 / 100

Қазіргі таңда карантиндік шаралардың сақталуын қадағалау мақсатында Атырау облысы бойынша қала және аудан әкімдерінің өкімдерімен 110 мобильдік топ құрылды.

2020 жылдың 5 шілде мен 13 қараша аралығында Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мобильді топпен Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысын орындау мақсатында 529 рейдтік тексеріс жүргізді.

Тексеру нәтижелері бойынша шағын және орта бизнес объектілеріне және жеке тұлғаларға ӘҚБтК 425/1 бабы бойынша жалпы сомасы 81 млн 514854 теңгеге 535 әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды.

Олардың ішінде 347 айыппұл жеке тұлғаларға салынған, олардың ішінде 130- ы шағын және орта бизнеске байланысты емес нысандарға, 217 – сі объектілерде өзінің тікелей жұмысын орындау кезінде карантиндік шараларды бұзған жеке тұлғаларға салынған. Жеке тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 14млн 459490 тенге құрайды.

Сондай-ақ, 187 заңды тұлғаға әкімшілік шаралар қолданылды, атап айтқанда

70 азық-түлік дүкенінің иелеріне, 51 қоғамдық тамақтану объектілеріне, 1 ұялы байланыс және 5 құрылыс материалдары дүкендеріне, 6 компьютерлік ойын клубына, 7 көлік жөндеу орталығына, 3 жанармай құю бекетіне, 1 супермаркетке, 3 лотореялық клубқа, 1 тұрмыстық техника дүкеніне, 1 алкомаркетке, 5 саунаға , 1 кеңсе дүкеніне,1 сұлулық салонына, 1 оқу орталығына, 4 сауда үйіне, 2 құрылыс компаниясына, 4 киім дүкеніне, 4 азық-түлік емес дүкендер,1 дәмхана, 1 моторлы яхта, 1 наубайхана, 6 караоке, 6 кальяный бар, 1 түнгі клуб, 1 кинотеатр. Заңды тұлғаларға салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 66 млн 735894 теңгені құрайды.

33 Просмотры