thumbs b c 68f5bedbbc50fc9ac8291d8d00455232
- ЖАҢАЛЫҚТАР142 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 1186 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, «Спутник V» вакцинасының I компонентін 1186 адам алды. Оның ішінде 30 медицина қызметкері, 33 педагог, 51 полиция қызметкері, 3 студент, 49 құқық қорғау органдарының қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 34 созылмалы аурумен ауыратын және 968 жергілікті тұрғын бар.

1 ақпан мен 14 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 11235 адам вакцинацияланды. II компонентпен 2893 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет. 9 сәуірде аймаққа «Спутник V» вакцинасының 8 мың дозасы жеткізілген болатын.