47 просмотров
2020 11 11 133832592300
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУДА ӨКПЕ ҚАБЫНУЫН АНЫҚТАУ ҮШІН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІ ҚОЛДАНА БАСТАЙДЫ

42 / 100

Жасанды интеллект COVID-19 және онкологиялық ауруларды анықтау үшін радилогиялық түсірілімдерге талдау жасайды.

Атырауда өкпе обыры, сүт безі қатерлі ісігін, тіпті COVID-19 салдарынан пайда болған өкпе қабынуын алғашқы сатыда анықтау үшін қолданылатын жасанды интеллекті бар радиологиялық зерттелеулерді орталықтандыратын жаңа жоба ұсынды. Бұл бастама Атырау облыстық денсаулық сақтау басқрамасы және «WDSOFT» ЖШС компаниясы арасындағы мемлекеттік-жекменшік серіктестік бойынша жүзеге асырылды. «PACS» біртұтас медициналық ақпарат жүйесі арқылы облыстың 20 медициналық мекемесі бір арнаға тоғытылды. Еске сала кетелік, «PACS» жүйесіне компьюетрлік жүйелер, серверлер, бағдарламалық қамтамасыз етулер кіреді және цифрлық радиологиялық түсірілімдерді сақтап, мұрағаттауға мүмкіндік береді. Оның арқасында жүйеге қосылған ауруханалар медициналық цифрлық көріністерге қол жеткізе алады. Яғни, сырқатты бір медициналық мекемеден екіншісіне жібергенде немесе ауданнан облыс орталығына жөнелткенде пленкалы немесе қағаз түріндегі түсірілімдерге деген қажеттілік болмай қалады. Аурудың даму қарқынын бақылауға мүмкіндік туады. «WDSOFT» компаниясының өкілі Ренат Сәрсембаевтың сөзіне қарағанда, жасанды интеллект дәрігерлерлің жүктемесін төмендетіп, аурудың диагнозын нақтылай түседі.

46 Просмотры