9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР210 просмотров

АТЫРАУДА МЫҢНАН АСТАМ МҰҒАЛІМ ВАКЦИНАЦИЯЛАНДЫ

Атырауда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды ATPress.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9-19 наурыз аралығында 1975 адам вакцинацияланған. Оның ішінде 1159 педагог, 521 медицина қызметкері, 41 мемлекеттік және 263 полиция қызметкері бар.