98196638 1146795722379759 6856598744679317504 n 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР469 просмотров

Атырауда мейрамхана мен дәмханалар қандай жағдайда ашылады

Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын талаптар туралы айтты, деп хабарлайды Жедел штаб.

Темірбек Мұсағалиев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде мейрамханалар мен дәмханалар қызметіне 25 мамырдан бастап рұқсат берілуі мүмкін екендігін мәлімдеді.

Десе де, облыс тұрғындары бос уақыттарын қоғамдық тамақтану орындарында өткізуі үшін мейрамхана иелері дайындықты қазірден бастау керек.

Біріншіден, тамақтану орындарында қызметкерлер мен келушілердің ара-қашықтығы сақталуы тиіс.

Екіншіден, мейрамханалар мен кафелерде желдету жүйесі жақсы күйде болуы шарт. Міндетті түрде ғимарат ішін желдетіп, ауасын тазартып тұру керек.

Үшіншіден, тамақтану орындарында тұрақты бактерицидтік шамдар орнатылуы тиіс. Бұл коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін азайтады.

Төртіншіден, мейрамханалар мен кафелердің кіре берісіне дезинфекциялық тосқауылдар (кілемшелер) қойылуы керек.
Бесіншіден, үстелдердің орналасуы біркелкі болғаны жөн, олардың арасы 1,5-2 метр қашықтықта болуы тиіс.

Сонымен қатар, ғимарат ішінде санитарлық және дезинфекция жұмыстары уақтылы жүргізіп, қызметкерлерге санитайзер мен медициналық маскаларды қолдану міндетті болып саналады.

Атырау облысының жедел штабы