73 просмотров
12522029 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУДА МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕЛЕР, ТАМЫЗҒЫ ЖӘНЕ БАХИЛАЛАР ӨНДІРІЛЕДІ

49 / 100

Атырауда Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы құны 15,8 миллиард теңгені құрайтын сегіз инновациялық жоба жұмыс істей бастады, онда 600-ден астам жұмыс орны құрылады.

Блоктық контейнерлер мен модульдік ғимарттар шығаруға арналған бір жоба- бүгін басталды. Жыл соңына дейін металл бұйымдарын шығаратын цех, полипропилен қаптарын шығаратын өндірісті кеңейту, құс етін өндіретін және бройлер тауықтарын бордақылауға арналған құс фабрикасы, медициналық бетперделер шығаратын жоба, инфузиялық ерітінділер құюға арналған тамызғыштар және ас тұзын шығаратын зауыт өндірісінің жобасы жүзеге асырылуда. 2021 жылы тағы екі жоба- үй құрылысы комбинаты мен тоқыма емес материалдар шығаратын зауыттың құрылысы басталады деп күтілуде. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Абдухит Әбішов мәлімдеді.

73 Просмотры