Өңірде тағы алты адам инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Бүгін, 17 маусым күні Атырау облысында коронавирус инфекциясынан алты адамның емделіп шыққаны белгілі болды.
– Теңіз кенішінде жұмыс істейтін алты ер адамға жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. Олар инфекциялық стационардан шығарылды, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1 000 адамға жетті.