46 просмотров
DC04844E 59D5 4012 A099 1BC7C5FD9918
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда коронавирустан айыққандар саны 1031 адамға жетті

5 / 100

Теңіз кенішінің тағы 16 жұмысшысы инфекциялық стационардан шығарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Бүгін, 19 маусым күні өңірде  он алты адамның COVID-19 індетінен айықққаны белгілі болды. 

– Теңіз кенішінің он алты жұмысшысынан алынған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен.  14 ер адам мен екі әйел адам инфекциялық стационардан шығарылды, – дейді денсаулық сақтау басқармасынан.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1031 адамға жетті.

48 Просмотры