Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны 174 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.
Атырау облысында қауіпті дерттен тағы үш адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың екеуі – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 26 мен 28 жастағы ер адамдар.
– Ал, инфекциялық стационардан шығарылған үшінші адам – 24 жастағы Индер ауданының тұрғыны. Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест нәтижесі, теріс көрсеткіш көрсетті, – деп хабарлады Жедел штаб.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 174 адамға жетті.