BB286197 F361 4F91 8418 95723AAEC671
- ЖАҢАЛЫҚТАР459 просмотров

Атырауда коронавирус инфекциясынан Теңіз кенішінің 7 жұмысшысы емделіп шықты

Қазіргі уақытта Covid-19 инфекциясынан  сауығып шыққандар саны 160 адамға жетті деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

Қауіпті инфекциядан айығып шыққандардың  барлығы ер  адамдар. Олар Теңіз кенішінің мердігер мекемелерінің  қызметкерлері. 

– Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тесті теріс нәтижені көрсетті. Осылайша,  емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды,- деп хабарлады Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.