“Қазіргі уақытта Covid-19 инфекциясынан сауығып шыққандар саны 147 адамға жетті” деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
Қауіпті инфекциядан айығып шыққандардың 16-сы Теңіз кенішінің қызметкерлері. Яғни, олардың 11-і ер адамдар, 5-і әйел адамдар.
17-ші адам Атырау қалалық №4 емхананың 57 жастағы мейірбикесі.
“Емделушілерден коронавирус инфекциясына алынған бақылау тесті
теріс нәтижені көрсетті. Осылайша, емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды” деп хабарлады Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.