Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 4 адам жазылып шықты. Олардың екеуі Теңіз кенішінің жұмысшылары болса, қалған екеуі Мақат ауданының тұрғыны, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Олар 23, 30 және 63 жастағы ер адам, сондай-ақ 25 жастағы әйел адам.
– Қазіргі уақытта емделіп шыққандар өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 773 адамға жетті.