Өңірде Covid-19 індетінен жазылғандар саны 606 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 74 адам жазылып шыққан. Олардың 7-і әйел, 67-сі ер адам. 73-і Теңіз кенішінің жұмысшылары болса, біреуі Жылой ауданының тұрғыны.
– Қазіргі уақытта емделіп шыққандар өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 606 адамға жетті.