43 просмотров
200414210636990e
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда коронавирус індетінен 51 адам жазылып шықты

5 / 100

Өңірде Covid-19 індетінен айыққандар саны  532  адамға жетті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы 51  адам жазылып шыққан. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 50 адам – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін қызметкерлер, тағы бір адам Түркістан облысының 25 жастағы тұрғыны.

– Қазіргі уақытта емделіп шыққан өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті, – дейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан айыққандар саны 532 адамға жетті.

43 Просмотры