Өткен тәулік ішінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан 16 адам жазылып шықты (14 ер адам және 2 әйел адам), деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Олардың ішінде 16 адамның 12-сі Теңіз кенішінің жұмысшылары болса, екеуі Исатай ауданының, ал, қалған екеуі Атырау қаласының тұрғындары.
Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс нәтиже көрсетті. Жағдайлары – қанағаттанарлық.
Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандар саны 789 адамға жетті.