110 просмотров
Кинотеатры Атырау
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУДА КИНОТЕАТРЛАР АШЫЛДЫ

55 / 100

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кинотеатрлар жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды ATPress.kz

Басты талап – келген көрермендердің дене қызуын тексеру, залды тек 30% ғана толтыру сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтау.

Кәсіпкерлер билет құнының қымбаттауын пандемиямен байланыстырып отыр. Балалар билеті 1500 теңгеден, ал ересектерге арналған билет құны 3000 теңгеден.

20201027155037 54193

Бұл кинотеатрда көрермендерге арналып, санитарлық талаптар мен бекітілген нормаларға сәйкес келетін екі зал ашылған. Көрермендерді отырғызу алгоритмі де жасақталған. Әр кинокөрсетілімнен кейін залды желдету жұмыстары мен санитарлық дизенфекция және ылғалды өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

20201027155103 69741

– Кинотеатр көрермен қабылдауға 100% дайын. Алдағы уақытта, келушілер санын көбейту сақтық шараларын күшейту арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарда бар, – кинотеатрдың PR директоры Ерлан Бұхарбаев.

126 Просмотры