40 просмотров
8BFF8821 CE0D 447F 9831 47D63F1F61F7
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Covid- 19 жұқтырған науқас жансақтау бөлімінен жәй палатаға ауыстырылды

5 / 100

65 жастағы ер адамның жағдайы тұрақты деп бағалануда, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Штаб мәліметінше, 14 мамырда  1955 жылғы науқас жансақтау бөлімінен  жәй палатаға  ауыстырылған. Қазіргі уақытта Теңіз кеніші қызметкерінің жағдайы тұрақты, оған тиісті  хаттамаға сәйкес  ем жүргізілуде. 

– Одан бөлек,  жансақтау бөлімінде жатқан Теңіз кенішіндегі тағы екі жұмысшының да  жағдайы жақсарған. Олар 14 мамыр күні инфекциялық стационардан  шығарылды, – деді жедел штаб.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар  саны 130 адамға жетті. Ал, қауіпті індетке 474 адам шалдыққан.

40 Просмотры