«Осылайша, аймақта Covid-19 коронавирустық инфекциясымен тіркелген адамдар саны 298 адамға жетті» деп хабарлайды Атырау облысында Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.
Штабтың хабарлауынша, науқастардың барлығы Теңіз кенішіндегі мердігер компаниялардың жұмысшылары. Олар 1987, 1996 жылғы ер адамдар.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сəйкес, бірегей ем-шара қабылдауда.
10 мамыр күнгі жағдайға сəйкес, Атырау облысында коронавирустық инфекциясы расталған адам саны – 298.
Оның ішінде 227 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары.