photo 314336
- ЖАҢАЛЫҚТАР254 просмотров

АТЫРАУДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 94 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 94  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 24-і Атырау қаласынан тіркелген.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 56 жұмысшыдан, Жылыой -2, Қызылқоға -1, Индер-1, Құрманғазы ауданында 10 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 27-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 68 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 333  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  87
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 37,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 626 адам ем қабылдауда.