5C226DE1 CAE4 498E 9BAF 7B7CABB5F16B
- ЖАҢАЛЫҚТАР749 просмотров

АТЫРАУДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 116 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 116 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 17-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 88 жұмысшыдан,  Жылыой-4, Қызылқоға  -1, Мақат -1, Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 28-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 90 адам емделіп шықты..

Айта кетейік, қазіргі уақытта 292  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  106
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 37,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 622 адам ем қабылдауда