D7DA5C66 56B5 4537 8AAD 72CCDB195EC4
- ЖАҢАЛЫҚТАР375 просмотров

Атырауда Covid-19 індетінен жазылып шыққандар саны 83-ке жетті

Өңірде коронавирус инфекциясынан айығып шыққандар саны 83 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб. 

Теңіз кен орнының 41 жастағы қызметкері – инфекциялық стационардан емделіп шықты. 

Коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест  нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткен. 

 Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 83 адамға жетті.  Ал, қауіпті індетті  жұқтырғандар саны – 240.