76 просмотров
0 30
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ COVID-19 ЖҰҚЫТРҒАНДАР САНЫ ОННАН АСТЫ

46 / 100

Өткен тәулікте Қазақстан бойынша 587 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Атырау облысында 12 жаңа жағдай анықталып отыр.

Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан (231) және Қостанай (57) облыстарында. Павлодарда – 49, Нұр-Сұлтанда – 47, Ақмолада – 39 жаңа жағдай анықталған. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан облысы (35), Алматы қаласы (30) және Батыс Қазақстан облысы (28). Алматы облысы мен Қарағандыда 16, Шымкент қаласы мен Ақтөбе облысында 8 науқастан тіркелген. Жамбылда алты адам коронавирус жұқтырған. Қызылорда мен Түркістанда екі науқастан, Маңғыстауда бір науқас анықталып отыр.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 118 491 адам.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 245 адам COVID-19 індетінен емделіп шыққан. Оның көбі Шығыс Қазақстан облысы (71) мен Нұр-Сұлтан қаласында (59). Одан кейінгі орында Ақмола (36 адам) мен Павлодар (23). Батыс Қазақстан облысында – 21, Қостанай облысында –13, Қарағандыда – 12, Алматы облысында – 5 адам дерттен емделіп шыққан. Ақтөбе облысында бұл көрсеткіш 3 адамға, Жамбылда – 2 адамға тең.

Қазақстан бойынша жазылған адамдар саны – 108 632.

75 Просмотры