thumbs b c 68f5bedbbc50fc9ac8291d8d00455232
- ЖАҢАЛЫҚТАР194 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 98 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

397 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 69 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 7 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 10, Исатай ауданында – 3, Индерде 2, Махамбет ауданында – 2, Қызылқоғада 2, Мақат ауданында – 2 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 55 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 86 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 385 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 161,
№2 облыстық ауруханада -110, аудандық инфекциялық стационарларда – 77 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 49 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.