6AB3D5F4 6DE3 411B 928E 992EEE9CCFDE
- ЖАҢАЛЫҚТАР218 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 89 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

371 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 64 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 5 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 7, Исатай ауданында – 3, Махамбет ауданында – 1, Қызылқоғада 5, Мақат ауданында – 4 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 38 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 12 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 399 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 139,
№2 облыстық ауруханада -115, фтизиопульманологиялық орталықта – 5, аудандық инфекциялық стационарларда – 64 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 48 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.