0F2B4A17 893A 4F77 AADF 061A531AA425
- ЖАҢАЛЫҚТАР300 просмотров

Атырауда бір тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

«Вирус расталғандардың ішіндегі 65 адам Атырау қаласының тұрғындары. 9 науқас Теңіз кенішінен анықталып отыр» деп хабарлайды Atr.kz

«Соңғы тәулікте вирус Жылыой ауданының 2, Индер ауданының 4, Исатай ауданының 1, Құрманғазы ауданының 4 тұрғынынан расталды. Ауру 33 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 131 адам сауығып шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 593 адам коронавирус және вирусты пневмониядан емделуде.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша Атырау әзірге «сары аймақта».