9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР58 просмотров

Атырауда бір тәулікте 849 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакциналау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

26 мамырдағы дерек бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 849 жергілікті тұрғын алды.
Оның ішінде-36 медицина қызметкері, 45 педагог, 3 полиция қызметкері, 9 студент, 2 жабық мекеме қызметкері, 27 құқық қорғау органдарының қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 2 созылмалы аурумен ауыратын адам, 707 жергілікті тұрғын бар.

2021 жылғы 1 ақпан мен 26 мамыр аралығында 52 354 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 21 144 адам салдырды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді. «Спутник V» вакцинасының II компоненті 27-31 мамыр аралығында келеді деп күтілуде. Егу пункттеріндегі вакциналардың бар-жоғын колл-орталықтың нөмірі бойынша білуге болады: 98 – 02 – 92