69688
- ЖАҢАЛЫҚТАР84 просмотров

Атырауда бір тәулікте 83 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша, Атырау облысы «сары аймақта».

Вирус анықталған 83 адамның 54-і Атырау қаласының тұрғындары.

7 науқас Теңіз кенішінен шығып отыр.

«Жылыой ауданында 13, Индер ауданында 2, Қызылқоға ауданында 1, Құрманғазы ауданында 2, Мақат ауданында 2, Махамбет ауданында 2 адамнан инфекция расталды. 42 науқаста коронавирус инфекциясы симптомды түрде өтуде.

Өткен тәулікте 140 адам вирустан емделіп шықты. Қазіргі уақытта 592 адам коронавирустан және вирусты пневмониядан емделуде» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.