bez nazvaniya
- ЖАҢАЛЫҚТАР264 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 737 ТҰРҒЫН КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛДЫ

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

24 мамырдағы мәлімет бойынша «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 737 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 38 медицина қызметкері, 27 педагог, 2 полиция қызметкері, 15 студент, 8 құқық қорғау органдарының қызметкері, 6 мемлекеттік қызметкер, 1 адам созылмалы аурумен, 640 жергілікті тұрғын бар. 

1 ақпан мен 24 мамыр аралығында «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен 50 604 адам вакцинацияланды. 

Вакциналардың II компонентімен 20 314 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.