346 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 46 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 1, Исатай ауданында – 8, Махамбет ауданында – 1, Құрманғазыда 2, Индер ауданында – 4 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 49 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 115 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 347 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 132,
№2 облыстық ауруханада -100, фтизиопульманологиялық орталықта -5, аудандық инфекциялық стационарларда – 67 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймаққа өтті.