333 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 46 жағдайы тіркелді. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 10 жағдай анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 1 адам, Исатай ауданында 2, Махамбет ауданында 1, Құрманғазы ауданында 2 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 33 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 15 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 522 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 119,
№2 облыстық ауруханада -109, фтизиопульманологиялық орталықта -11, аудандық инфекциялық стационарларда -53 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 41 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.