9 2 750x421 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР276 просмотров

Атырауда бір тәулікте 603 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
19 мамырдағы мәлімет бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 603 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 53 медицина қызметкері, 27 педагог, 10 полиция қызметкері, 14 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 21 құқық қорғау органдарының қызметкері, 7 мемлекеттік қызметкер, 2 созылмалы аурумен ауыратын адам, 468 жергілікті тұрғын бар.
1 ақпан мен 20 мамыр аралығында «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен 46 959 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 16 856 адам егілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.