F5B3EB14 01B0 48CD 9AAB 74364C7C18E4
- ЖАҢАЛЫҚТАР50 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 60 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

325 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 45 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 2 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 3, Индерде 1, Исатай ауданында – 3, Қызылқоғада – 2, Махамбет ауданында – 1,Құрманғазыда 2, Мақат ауданында.- 2адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 36 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 53 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 339 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 112,
№2 облыстық ауруханада -99, фтизиопульманологиялық орталықта -10, аудандық инфекциялық стационарларда – 65 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 39 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.