FF299B1D F4FE 4AD7 BBAD 32164B3AB0E5
- ЖАҢАЛЫҚТАР204 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 52 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

335 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 41 жағдайы тіркелді.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 4 адам, Индер ауданында 2, Мақат ауданында 3 адамнан,Исатай және Құрманғазы аудандарында 1 жағдайдан анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 25 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 113 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 473 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 111,
№2 облыстық ауруханада -108, фтизиопульманологиялық орталықта -18, аудандық инфекциялық стационарларда -60 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 38 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.