EAFDBD47 D5FA 4C41 9B52 6AD0E6B858B2
- ЖАҢАЛЫҚТАР22 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 49 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Атырауда коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейі өсіп отыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 28 жағдайы тіркелсе, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 8 науқастан анықталды.
Ал, Жылыой, Индер, Исатай аудандарында Covid-19 жұқтырудың үш жағдайы, Құрманғазы және Махамбет аудандарында екі адамнан анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 18 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 115 адам емделді. Қазіргі уақытта 576 адам үй жағдайында, 117 – модульдік ауруханада, 115 – екінші облыстық ауруханада, 23 – фтизиопульмонологиялық орталықта, 93 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы жұқпалы аурулар стационарында-58 науқас бар.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.