na tengize vyroslo kolichestvo bolnyx koronavirusom 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР327 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 48 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

497 адам Сovid-19 және пневмониядан инфекциялық стационарларда ем алуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 45 адам Covid-19 жұқтырған. Ал, Құрманғазы ауданында 3 адамнан анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 31 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста 83 адам коронавирустан емделіп шықты.

Қазіргі уақытта 624 адам үй жағдайында, 133 – модульдік ауруханада, 126 – екінші облыстық ауруханада, 52 фтизиопульмонологиялық орталықта, 122 – аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Ал, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 64 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймақта.