thumbs b c 68f5bedbbc50fc9ac8291d8d00455232
- ЖАҢАЛЫҚТАР258 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 334 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

806 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 280 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 10 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 11, Индерде – 6, Исатайда – 2, Махамбет ауданында – 2, Мақатта – 4, Құрманғазыда – 17, Қызылқоғада – 2 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 184 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 105 адам емделіп шықты.
Қазір 1080 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 188,
№2 облыстық ауруханада -150, фтизиопульманологиялық орталықта – 103, кардио орталықта – 108, аудандық инфекциялық стационарларда – 188 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 69 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.