890 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 229 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 8 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 37, Индерде – 16, Исатайда – 7, Мақатта – 5, Махамбет ауданында – 7, Құрманғазыда – 15, Қызылқоғада – 5 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 230 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 118 адам емделіп шықты.
Қазір 1557 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 190,
№2 облыстық ауруханада -197, фтизиопульманологиялық орталықта – 94, кардио орталықта – 100, аудандық инфекциялық стационарларда – 217 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 92 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.