824 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 215 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 16 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 29, Индерде – 18, Исатайда – 15, Махамбет ауданында – 11, Мақатта – 2, Құрманғазыда – 5, Қызылқоғада – 9 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 219 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 98 адам емделіп шықты.
Қазір 1282 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 194,
№2 облыстық ауруханада -172, фтизиопульманологиялық орталықта – 91, кардио орталықта – 109, аудандық инфекциялық стационарларда – 184 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 74 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.