D0073984 A079 4643 8D9B 9A6EC03ECE35
- ЖАҢАЛЫҚТАР238 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 299 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

842 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 211 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 24 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 18, Индерде – 2, Исатайда – 8, Махамбет ауданында – 11, Мақатта – 7, Құрманғазыда – 6, Қызылқоғада – 12адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 177 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 161 адам емделіп шықты.
Қазір 1398 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 188,
№2 облыстық ауруханада -160, фтизиопульманологиялық орталықта – 95, кардио орталықта – 113, аудандық инфекциялық стационарларда – 199 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 87 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.