pWiBwIfF 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР238 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 293 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

1068 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 215 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 31 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 32, Индерде – 1, Исатайда – 5, Мақатта – 1, Құрманғазыда – 6, Қызылқоғада – 2 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 177 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 135 адам емделіп шықты.
Қазір 1995 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 194,
№2 облыстық ауруханада -197, фтизиопульманологиялық орталықта – 97, кардио орталықта – 110,т/ж ауруханасында – 104, аудандық инфекциялық стационарларда – 255 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 113 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.