69688
- ЖАҢАЛЫҚТАР206 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 290 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

790 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 212 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 11 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 26, Индерде – 3, Исатайда – 4, Махамбет ауданында – 2, Мақатта – 6, Құрманғазыда – 20, Қызылқоғада – 6 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 187 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 109 адам емделіп шықты.
Қазір 868 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 194,
№2 облыстық ауруханада -150, фтизиопульманологиялық орталықта – 99, кардио орталықта – 100, аудандық инфекциялық стационарларда – 183 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 64 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.