6AB3D5F4 6DE3 411B 928E 992EEE9CCFDE
- ЖАҢАЛЫҚТАР249 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 27 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

331 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 14, Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 6 науқас анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында Covid-19 жұқтырған 3 адам, Қызылқоғада 3,Құрманғазы ауданында 1 адам анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 13 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 27 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 538 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 111,
№2 облыстық ауруханада -100, фтизиопульманологиялық орталықта -18, аудандық инфекциялық стационарларда -56 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 46 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «сары» аймақта қалып отыр.