original
- ЖАҢАЛЫҚТАР265 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 154 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

685 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 90 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 12 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 16, Индерде – 10, Махамбет ауданында – 3, Құрманғазыда – 13, Қызылқоғада – 2, Мақатта – 4, Исатай ауданында – 4 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 100 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 121 адам емделіп шықты.
Қазір 660 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 181,
№2 облыстық ауруханада -136, фтизиопульманологиялық орталықта – 105, кардио орталықта – 67, аудандық инфекциялық стационарларда – 153 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 43 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.