photo 314336
- ЖАҢАЛЫҚТАР45 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 149 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

642 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 131 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 3 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 3, Индерде 1, Махамбет ауданында – 1, Құрманғазыда – 8, Қызылқоғада – 1, Исатай ауданында – 1адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 90 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 159 адам емделіп шықты.
Қазір 674 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 175,
№2 облыстық ауруханада -145, фтизиопульманологиялық орталықта – 95, кардио орталықта – 50, аудандық инфекциялық стационарларда – 135 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 42 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.