7 4
- ЖАҢАЛЫҚТАР40 просмотров

Атырауда бір тәулікте 140 тұрғын коронавирус инфекциясына қарсы екпе алды

Өңірде халықтың covid-19-ға қарсы жаппай вакцинасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 сәуірдегі мәлімет бойынша, «Спутник V» вакцинасының I компонентін 140 адам алды. Оның ішінде, 13 медицина қызметкері, 14 педагог, 2 студент, 1 құқық қорғау органдарының қызметкері, 110 жергілікті тұрғын бар.

Биылғы жылғы 1 ақпан мен 4 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 4103 адам вакциналанды. II компонентпен 1821 адам екпе қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакциналау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясынан өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет.